Күн жаңалықтары
08.01.2026
Жарияланымдар · 8
Премьер-министрдің бірінші орынбасары XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюн мырзамен Павлодар облысында өнеркәсіп паркінің құрылысын талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр XINFA GROUP басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Қазақстан аумағында қазіргі заманғы өнеркәсіптік парк құрылысының инвестициялық өзара іс-қимыл және практикалық аспектілері мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2025 жылдың 11 айында 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілді
Балық шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларының бірі және экономикалық өсімді, жұмыспен қамтуды әрі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды сала. 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында балық өсіру көлемін арттыруға, ішкі тұтынуды ұлғайтуға және су биоресурстарының табиғи популяцияларын қалпына келтіруге бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Алматыда 90 күнде өрт сөндіру бөлімі салынып, ашылды
Алматыда №15 өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мегаполистің өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі жаңа тірек пунктіне айналған заманауи нысан. Жаңа бөлімшенің ерекшелігі – құрылыс жұмыстарының қысқа мерзімде аяқталуы: өрт сөндіру бөлімі жылдам тұрғызылатын модульдік конструкциялардан салынып, небәрі 90 күнде толықтай бой көтерді. Мұндай тәсіл қаладағы халқы тығыз орналасқан аудандардың қауіпсіздігін қысқа мерзімде күшейтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі: балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қостанай облысында мүгедектігі бар балаларға арналған заманауи оңалту орталығы ашылды
Қостанай қаласында психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа оңалту орталығы ашылды. Бұл жоба өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту жүйесін дамытудағы маңызды қадам, деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі.
2026 жылы Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі және құқықтық қорғалуы күшейтіледі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі пациентке бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2025 жылы ҰАҒБО жоғары санатты 60 мың тоннадан астам тұқым өндірді
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков және аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері және салалық сарапшылардың қатысуымен өткен стратегиялық сессияда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-тың даму басымдықтары мен қадамдары нақтыланды. Іс-шара барысында қатысушылар бірыңғай агротехнологиялық экожүйе қалыптастыру тетіктерін, Орталықтың миссиясы мен пайымын жаңарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ білім, ғылым және өндірісті интеграциялауға негізделген 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
СҚО-да аурухананы жөндеуге қайтарылған активтер қаражатынан 1,3 млрд теңге бөлінді
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жүгізуде, соның ішінде елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен жүзеге асып жатқан жобалар да бар. Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасын күрделі жөндеуді аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Primeminister.kz.