Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков және аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері және салалық сарапшылардың қатысуымен өткен стратегиялық сессияда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-тың даму басымдықтары мен қадамдары нақтыланды. Іс-шара барысында қатысушылар бірыңғай агротехнологиялық экожүйе қалыптастыру тетіктерін, Орталықтың миссиясы мен пайымын жаңарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ білім, ғылым және өндірісті интеграциялауға негізделген 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.