Күн жаңалықтары
09.01.2026
Жарияланымдар · 9
Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және ЖИ жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026-2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне қол қойды. Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібі рекордтық өсім көрсетті
2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібінде сала тарихындағы ең жақсы көрсеткіштер тіркелді. «Қазақстан автомобиль одағы» мәліметтері бойынша, елде барлық типтегі 171 144 бірлік автокөлік құралы шығарылды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға артық. Жалпы өндіріс 2,3 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Президент ҚР Құрылыс кодексіне қол қойды
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне қол қойды. Кодекстің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Алматыда Математика, физика және информатика бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасы IZhO2026 өтеді
2026 жылғы 10-15 қаңтар аралығында Алматыда оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Үкіметте денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселесі талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін нақты басымдықтар талқыланды. Атап айтқанда, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректермен жұмыс істеу арқылы саланы тиімді басқару мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
2025 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 113 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды
2025 жылы Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу аясында мүгедектікті белгілеуге арналған 113,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды. Бұл ел бойынша куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 42,5 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты
2025 жылы 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді. Олардың қатарында «Шоқан. Ерек туған феномен» фотоальбомы, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған еңбектер, «Бақытсыз Жамал» шығармасы, сондай-ақ Ілияс Есенберлин, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиевтің шығармалар жинағы бар, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.