Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Кездесу барысында медициналық көмектің сапасына тікелей әсер ететін нақты басымдықтар талқыланды. Атап айтқанда, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және деректермен жұмыс істеу арқылы саланы тиімді басқару мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.