Күн жаңалықтары
15.01.2026
Жарияланымдар · 9
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады
Мемлекет басшысына қаржы нарығын дамытудың 2025 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндалды.
Премьер-министр Алматы облысындағы бірқатар кәсіпорынды аралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Президент белгілеген экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіп өндірісі көлемін ұлғайту, терең өңдеу үлесін арттыру және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту жөніндегі мақсаттарға сай келетін бірқатар инвестициялық және өнеркәсіптік жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады
Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалпыұлттық бірегейлікті одан әрі арттыру, ел бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында Қауымдастықтың атқарған қызметі туралы мәлімет берілді.
Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы басталды
Қазақстанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Премьер-министр Алатау қаласының инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады
Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру нәтижелері талқыланды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша суармалы егіншілікте су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы 874 млн текше метр су үнемделді. Бұл жоспарланған 728 млн текше метрден жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар суды тасымалдау кезіндегі шығындарды 50%-дан 25%-ға дейін азайту мақсатында 678 шақырым канал қайта жаңғыртылды. Бұл жұмыс жоспарға сәйкес толық атқарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
300 мыңнан астам қазақстандық волонтерлікпен айналысады
Ұлттық волонтерлік желі жүргізген әлеуметтік зерттеу 2025 жылы елімізде волонтерлік қозғалыстың жаңа серпін алғанын көрсетті. Зерттеудің негізгі мақсаты – қоғамның волонтерлік қызметке деген көзқарасын бағалау, оның басым бағыттарын айқындау және азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың қаншалықты тиімді екенін анықтау, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстанда көлеңкелі экономикамен күресу үшін деректерді талдаудың цифрлық платформасы құрылады
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша жиын өтті. «Көлеңке» деңгейін азайту бойынша жүйелі күрес шеңберінде өткен жылы жаңа тәсілдер енгізілді. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларына тиісті KPI енгізілді. Көлеңкеде қалу қаупі зор сауда, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы секілді секторларда салалық жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.