Күн жаңалықтары
14.01.2026
Жарияланымдар · 2
Премьер-министр энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін жаңа қуаттарды генерациялау мәселелері бойынша жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Оған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев, Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» ұлттық энергетика компанияларының басшылары Қайрат Мақсұтов пен Нәби Айтжанов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Зерттеу нәтижелері: қазақстандықтардың 35,7%-ы салауатты өмір салты қағидаттарын ұстанады
«Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі» ұлттық зерттеуіне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 35,7%-ы СӨС қағидаттарын ұстанады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа артық, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.