«Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі» ұлттық зерттеуіне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 35,7%-ы СӨС қағидаттарын ұстанады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа артық, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.