Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.01.2026

Жарияланымдар · 3

Нашақорлыққа қарсы күрес: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі анықталу деңгейі мен емдеу тиімділігінің артқанын мәлімдеді

Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары ведомствоаралық құжат болып табылады. Ол алдын алу, ерте анықтау, емдеу, оңалту және тәуелді мінез-құлқы бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі кешенді шараларды, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымын шектеуге бағытталған іс-шараларды қамтиды. Бұған дейінгі Кешенді жоспарды іске асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәра Сәрсенбаева хабарлады.

12:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Еліміздің барлық елді мекендері 100% ауыз сумен қамтамасыз етілді

Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

10:49Жаңалықтар

2025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 529,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 276,2 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:11Жаңалықтар