Қазақстанда 2026-2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары ведомствоаралық құжат болып табылады. Ол алдын алу, ерте анықтау, емдеу, оңалту және тәуелді мінез-құлқы бар адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі кешенді шараларды, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымын шектеуге бағытталған іс-шараларды қамтиды. Бұған дейінгі Кешенді жоспарды іске асыру аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ДСМ Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәра Сәрсенбаева хабарлады.