Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

12.01.2026

Жарияланымдар · 9

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

19:47Жаңалықтар

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді.

18:27Жаңалықтар

Қызылордада Инклюзивті спорт орталығы ашылды

Қызылордада «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған Инклюзивті спорт орталығы ашылды. Жобаны іске асыруға 2 млрд 900 млн теңге бөлінді. Мұнда спортшыларға арналған волейбол, күрес, жалпы дене дайындығын жасауға арналған залдар қарастырылған. Бір мезетте 131 адамның спортпен жүйелі шұғылдануына мүмкіндік жасалған, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.

17:44Аймақтар жаңалықтары

Елдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар және ҚР-да нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

АҢДАТПА!

16:16Баспасөз хабарламалары

Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:15Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі экономиканы индустриялық дамыту және әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. 2025 жылы 33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан және машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіпке дейінгі өндірістік бағыттардың кең ауқымын қамтиды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:49Жаңалықтар

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:44Жаңалықтар

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады

Қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды, ол 10 ақпанға дейін жалғасады. 187 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

10:26Жаңалықтар

2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 595 мыңнан астам қызмет алды

2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 440 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,8 мың – ымдау тілі қызметін, 26,5 мың – жеке көмекшінің, 119,3 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:00Президенттің тапсырмалары