Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

16.01.2026

Жарияланымдар · 11

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

18:02Жаңалықтар

Абай ұлттық мектебі тарихындағы жаңа кезең басталды

Мемлекет және қоғам дамуында айшықты рөлі бар Абай ұлттық мектебі дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Білімнің қасиетті қара шаңырағы Алматы қаласындағы әсем, заманауи жаңа ғимаратқа көшірілді. Жаңа мектеп ғимараты инфрақұрылымдық жаңарумен бірге, болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, сапалы білім мен тең мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

16:57Жаңалықтар

Үкіметте Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

15:39Жаңалықтар

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

15:02Аймақтар жаңалықтары

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Нұржан Тұрсынханов ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

12:15Жаңалықтар

Алматыда XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

Алматыда 10-15 қаңтар аралығында XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Биыл олимпиадаға математика, физика және информатика пәндерінен барлығы 612 оқушы мен 122 команда жетекшісі қатысты. Сайыскерлер әлемнің 16 елінен жиналды. Олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түркменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстаннан келген оқушылар бар, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

12:10Жаңалықтар

Президент «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

11:06Жаңалықтар

Қазақстанда 1 миллионға жуық азамат жасанды интеллект бойынша оқудан өтті

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлайды. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы міндеттерді іске асыру аясында ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат сала бойынша білім алып, оқу мен жұмысқа қажетті базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:59Жаңалықтар

Президенттің Алматы облысын дамыту жөніндегі тапсырмалары: 1 трлн теңгеден астам инвестиция, агросектордағы көшбасшылық және Алатау қаласындағы серпінді жобалар

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес және Үкіметтің жоспарлы жұмысы шеңберінде 2025 жылы Алматы облысын дамыту халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталды. Жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуға, ең алдымен облыс тұрғындарының 80%-дан астамы тұратын ауылдық жерлерде баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:41Жаңалықтар

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:03Жаңалықтар