Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес және Үкіметтің жоспарлы жұмысы шеңберінде 2025 жылы Алматы облысын дамыту халықтың әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталды. Жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуға, ең алдымен облыс тұрғындарының 80%-дан астамы тұратын ауылдық жерлерде баса назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.