ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекет басшысының цифрлық және ЖИ-экономиканы құру үшін мамандарды даярлау жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысы туралы хабарлайды. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында Президент ЖИ саласында мамандарды жүйелі даярлаудың және цифрлық білім беруді дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы міндеттерді іске асыру аясында ЖИ және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған 5 жылдық оқыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 900 мыңнан астам азамат сала бойынша білім алып, оқу мен жұмысқа қажетті базалық және қолданбалы құзыреттерді меңгерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.