Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

04.02.2026

Жарияланымдар · 17

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығына ие болуымен құттықтады.

23:29Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды

Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады.

21:42Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабад қаласында өзіне және Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін Асиф Али Зардариге алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

21:40Мемлекет басшысының қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде осы маңызды іс-шараны ұйымдастыруға бастамашы болғаны үшін Премьер-министр Шахбаз Шарифке алғыс айтты.

20:30Мемлекет басшысының қызметі

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі мәдени орталықтар және «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

20:06Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен жүргізген келіссөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Премьер-министр Шахбаз Шарифке алғыс айтып, қазақ делегациясын қонақжайлықпен қарсы алған Пәкістан халқына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ тарихы терең, мәдениеті бай, халықаралық сахнадағы беделі биік бауырлас Пәкістанға келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

20:05Мемлекет басшысының қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

20:04Жаңалықтар

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасының басты бағыттары

АҢДАТПА!

17:32Баспасөз хабарламалары

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты.

17:24Жаңалықтар

Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі 2026 жылдың екінші жартысында өнеркәсіптік пайдалануға беріледі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығының (АТО) 2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша отырыс өткізді. Былтыр орталық бірқатар ірі жобаны іске асыру аясында кешенді жұмыс атқарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:48Жаңалықтар

Су тасқыны кезеңіне дайындық: су шаруашылығы нысандарының, жолдар мен көпірлердің, жедел ден қою күштерінің дайындығы тексерілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Вице-премьер су шаруашылығы нысандарының, жолдар мен көпірлердің, жедел ден қою күштері мен құралдарының дайындығын тексеріп, «Talsim» жүйесінің болжамдық деректерімен және «Tasqyn» жүйесіндегі су тасқынын модельдеу нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар қауіп деңгейі жоғары аймақтарға жатқызылған өңірлердің есептері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:05Президенттің тапсырмалары

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

Түркістан облысының Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

15:26Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді

Келіссөздерден бұрын Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

14:33Мемлекет басшысының қызметі

Үкіметте Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

11:41Жаңалықтар

Исламабадта «Қазақстан-Пәкістан» бизнес форумы басталды

Исламабадта Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумы өз жұмысын бастады. Шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары аясында өтеді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.

10:46Жаңалықтар

АӨК дамуының жаңа деңгейі: Президенттің тапсырмасы бойынша прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет атынан прогрессивті агроэкономика моделін енгізуде. Негізгі басымдық – цифрландыру, жасанды интеллект және өнімді терең өңдеу, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:13Жаңалықтар

Жаңа медианың технологиялық астары. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жасанды интеллект журналистті алмастыра ала ма? Қолайлы құрал мен жалған ақпарат көзі арасындағы шек қай жерде?

09:07Жаңалықтар