Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

05.02.2026

Жарияланымдар · 12

Конституциялық комиссия жаңа Ата заңға енгізілетін негізгі ұсыныстарды талқылады

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы, Комиссия төрағасы Эльвира Азимованың айтуынша, Комиссияға 4 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Қоғам тарапынан көптеген оң пікірлер, сонымен қатар, Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар келіп түсуде.

20:53Жаңалықтар

Елімізде патронаждық бақылаудың қамту ауқымы мен сапасы жақсарды

Қазіргі таңда Қазақстанда отбасылардағы медициналық-әлеуметтік қауіптерді анықтау мақсатында әмбебап прогрессивті патронаж моделі аясында шамамен 4 мың мейіргер жұмыс істейді. БҰҰ Қоры мен ЮНИСЕФ-тің техникалық қолдауымен 36 жаттықтырушы даярланып, 2,5 мың мейіргер оқытылды. Биыл патронаж көмегі әрбір отбасыға қолжетімді болуы үшін ауылдық жерлердегі мейіргерлерді оқыту жоспарда бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

18:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда даму педиатриясы және балалар ауруларын ерте анықтау жүйесі енгізіліп жатыр

Қазақстанда педиатриялық қызметті нығайтуға және балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

18:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Балаларды қолдау үшін қамқоршылық органдарында кейс-менеджер қызметі енгізіледі

Балалардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау, көбіне, мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі таңда елімізде балаларды қорғау жүйесін 14 мыңнан астам қызметкер қамтамасыз етеді. Бұл - қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтер. Аймақтарда құрылатын балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының қызметі заң жүзінде реттелді. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

18:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

ҚР ОАМ: Балалардың қауіпсіздігі - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы балалардың негізгі құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Олар: балалардың қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор қарастырылған, ал тұжырымдаманы нақты іске асыру 158 іс-шара арқылы қамтамасыз етіледі. Бес жылдық кезеңге арналған іс-шараларды қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – балалардың қауіпсіздігі.

17:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Соңғы үш жылда елімізде балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған 10 заң қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл және салалық министрліктермен бірлесіп 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын әзірледі. Бүгінде Қазақстан – балалардың құқықтарын қорғауға арналған мақсатты стратегияны әзірлеген санаулы елдердің бірі. Алғаш рет балалардың құқықтарын қорғау саласындағы барлық қолданыстағы шаралар мен бағдарламалар тұжырымдамаға біріктірілді. Қазір елімізде шамамен 7 млн бала бар, бұл жалпы халық санының 34%-ын құрайды. Соңғы 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

17:40Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: былтыр Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылды

Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама шеңберінде облыстың барлық аудандары мен қалаларында жасыл желектерді күтіп ұстау, абаттандыру және тазалық шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылады, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

15:13Аймақтар жаңалықтары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне сұхбат берді

Kazinform агенттігі оқырман назарына сұхбаттың толық мәтінін ұсынады.

15:10Жаңалықтар

Қатар мемлекетінде Қазақстанның мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтті

Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

11:12Жаңалықтар

Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 1,5 есе өсті

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперациясы тұрақты дамып келеді. Үкімет ауыл шаруашылығы кооперациясына бағытталған кешенді ынталандыру шараларын жүзеге асырады. Олардың қатарында, барлық мемлекеттік қолдауға тең қолжетімділік, салықтық жеңілдіктер, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу кезінде қосымша ұпай беру, фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық өкілдерін (ЖҚШ) білім тарату орталықтары базасында оқыту бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

10:29Жаңалықтар

Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:22Президенттің тапсырмалары

Ерлан Өтегенов Бас Прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды

09:00Мемлекет басшысының қызметі