Балалардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау, көбіне, мамандардың біліктілігіне байланысты. Қазіргі таңда елімізде балаларды қорғау жүйесін 14 мыңнан астам қызметкер қамтамасыз етеді. Бұл - қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог-психологтер және әлеуметтік педагогтер. Аймақтарда құрылатын балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының қызметі заң жүзінде реттелді. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.