Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері салтанатты түрде ашылды. Ауқымды мәдени іс-шараның өтуі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Мемлекетіне жасаған мемлекеттік сапары барысында екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.