Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

06.02.2026

Жарияланымдар · 9

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

20:31Мемлекет басшысының қызметі

Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

17:51Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр: Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен ұзақмерзімді серіктестік орта қалыптастырады

Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:09Президенттің тапсырмалары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыру стратегиясын әзірлеп жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласындағы деректердің анықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Е-АӨК» платформасын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

16:00Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі жеке медициналық кітапшаларды бақылауды цифрлық форматқа көшіреді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі e-SEN  платформасында «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін (СЭҚ СБӨ) іске қосу шеңберінде қызметкерлердің жеке медициналық кітапшаларын бақылауды цифрлық форматқа ауыстырды. Жүйе автоматты режимде персоналдың жеке медициналық кітапшаларының қолданылу мерзімін қадағалайды және жұмыс берушілерге жұмысқа рұқсаттың аяқталғаны туралы хабарлайды. Бұл қызметкерлерді қолданыстағы медициналық тексерулерсіз жедел шеттетуге мүмкіндік береді және сырттан тексерусіз инфекциялық аурулардың таралу қаупін азайтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

15:10Президенттің тапсырмалары

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.

14:32Жаңалықтар

Қазақстанда ЖИ мен дрондар энергия нысандарын тексеру уақытын қысқартуда

ҚР Энергетика министрлігі энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын кеңейтуде. Байланыссыз диагностика бойынша пилоттық жоба сәтті іске асырылды. Жоба шеңберінде дрондар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы электр беру желілерін ажыратпай-ақ бірнеше сағат ішінде 200-ден астам ЭБЖ тексерілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

11:28Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді

Былтыр майлы дақылдар егілген алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға немесе 1,1 млн гектарға артық. Оның ішінде күнбағыс егіс алқабы 38,4%-ға немесе 491,1 мың гектарға кеңейтілді. Майлы дақылдар бойынша негізгі егіс алқаптары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында орналасқан, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

09:45Жаңалықтар

Көктемгі су тасқынына дайындық аясында өзен арналарының шамамен 110 шақырым бөлігі тазартылып жатыр

2026 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Қазақстанның алты облысында өзен арналарының жалпы ұзындығы 109,5 шақырым болатын учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары (тазалау және тереңдету) жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

09:30Жаңалықтар