Былтыр майлы дақылдар егілген алқаптар 3,9 млн гектарға дейін ұлғайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37,7%-ға немесе 1,1 млн гектарға артық. Оның ішінде күнбағыс егіс алқабы 38,4%-ға немесе 491,1 мың гектарға кеңейтілді. Майлы дақылдар бойынша негізгі егіс алқаптары Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында орналасқан, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.