Күн жаңалықтары
07.02.2026
Жарияланымдар · 2
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияны жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстарды қарады
Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын пысықтау мәселелері қаралды. ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап әртүрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, олардың барлығы Конституциялық комиссия тарапынан мұқият зерделенуде.
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.