Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын пысықтау мәселелері қаралды. ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап әртүрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, олардың барлығы Конституциялық комиссия тарапынан мұқият зерделенуде.