ҚР Энергетика министрлігі энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын кеңейтуде. Байланыссыз диагностика бойынша пилоттық жоба сәтті іске асырылды. Жоба шеңберінде дрондар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы электр беру желілерін ажыратпай-ақ бірнеше сағат ішінде 200-ден астам ЭБЖ тексерілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.