Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

03.02.2026

Жарияланымдар · 13

Мемлекеттік құрылыстың озық идеялары: Конституциялық комиссия отырысында жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары талқыланды

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасына, ұсынылып отырған жаңашылдықтарға, сондай-ақ қоғамда жүріп жатқан талқылауларға қатысты өз пікірлерін білдірді.

19:37Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.

18:49Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында инвестициялық жобалардың орындалу барысы, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бойынша жұмыс қарқыны, сондай-ақ құқықтық экожүйге қатысты мәселелер және сапалы адами капиталды қалыптастыру тәсілдері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

18:02Жаңалықтар

Жаңа өнімнен 5,8 млн тонна астық экспортталды

Қазақстан өңірдегі астықтың негізгі жеткізушілерінің бірі ретіндегі позициясын сақтай отырып, экспорттық әлеуетін нығайтып, жеткізу географиясын кеңейтуде, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:41Жаңалықтар

Қазақстанда инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру көлемі 15,5 мың гектарға жетті

Қазақстанда мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесін толықтыру жұмыстары жалғасуда. Өңірлерде инженерлік желілерді цифрландыру жүргізіліп, сондай-ақ бас жоспарларды цифрлауға қатысты әкімдіктерге әдістемелік қолдау көрсетілуде. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

15:20Жаңалықтар

Қазақстанда Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды

Қазақстандағы Бірыңғай құрылыс порталында құрылыстағы салалық жүйелердің сервистері, сондай-ақ құрылысқа қатысты ақпараттық ресурстар мен қызметтер біріктірілген. Портал туралы толығырақ ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

15:10ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 1,9 трлн теңге инвестиция тарту жоспарда бар

Былтыр сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен қайта жаңғыртуға 242 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 214 млрд теңге сумен жабдықтауға, 28 млрд теңге су бұруға бағытталды. Аталған қаражат есебінен барлық жоба толық көлемде қаржыландырылып, аяқталды. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 38%-ға, ал су бұру желілерінің тозуы 54%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарлар үшінші жыл қатарынан артығымен орындалуда – ҚР Өнеркәсіп министрлігі

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылған. Соңғы үш жыл қатарынан тұрғын үй құрылысының қарқыны жоспарлы көрсеткіштерден асып түсуде. Бүгінгі таңда сайлауалды бағдарлама 51,4%-ға орындалды. 2025 жылы республика бойынша жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 13,7 млн шаршы метр – көппәтерлі тұрғын үйлер, 6,4 млн шаршы метр – жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсіп, 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда 363 көппәтерлі тұрғын үйге 20,7 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған

Қазақстанның тұрғын үй қоры шамамен 59 мың көппәтерлі тұрғын үйден тұрады. 2026–2028 жылдары «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» және жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 363 көппәтерлі тұрғын үйге 20,7 млрд теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 79 көппәтерлі тұрғын үй бұзылып, 2 008 меншік иесі жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

14:40Жаңалықтар

Өңірлерде су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізілуде

Еліміздің өңірлерінде көктемгі су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында кешенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-шаралардың негізгі мақсаты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен инфрақұрылымды қорғау, көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

11:37Жаңалықтар

Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы негізгі салаларда тұрақты өсім қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

10:33Президенттің тапсырмалары

Қазақстанда 2025 жылы жалпы ет өндірісі 1,2 млн тоннаны құрады

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша жүйелі шараларды қолға алды. Соңғы жылдары мал шаруашылығы негізгі көрсеткіштер бойынша қарқынды дамып келеді және еліміздің ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 40%-ын қалыптастырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:05Президенттің тапсырмалары

2026 жылы мүгедектікті белгілеуге қатысты 9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама шеңберінде мүгедектікті белгілеуге қатысты 9,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:00Жаңалықтар