Былтыр сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен қайта жаңғыртуға 242 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 214 млрд теңге сумен жабдықтауға, 28 млрд теңге су бұруға бағытталды. Аталған қаражат есебінен барлық жоба толық көлемде қаржыландырылып, аяқталды. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 38%-ға, ал су бұру желілерінің тозуы 54%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.