Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

02.02.2026

Жарияланымдар · 13

Әсет Ерғалиев ҚР Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды

17:13Мемлекет басшысының қызметі

Премьер-министр: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

17:11Президенттің тапсырмалары

Өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді белсенді сату басталды

Үкіметте  Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

16:22Жаңалықтар

Қазақстанда жарықтандыру және мектеп жиһазы санитариялық бақылауға алынды

Балалар халықтың ең осал тобына жатады және мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Олардың білім алуын, тәрбиеленуін және балалар ұйымдарында қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Себебі болмашы заң бұзушылықтардың өзі жаппай улануға, жарақаттарға немесе жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.

15:20ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда ерекше бақылауға жататын объектілердің тізілімі қалыптастырылуда – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Қазақстанда 4 желтоқсанда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілердің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың ерекше тәртібін реттейтін заң қабылданды. Бұл өзгерістер балалардың тұру жағдайларын қамтамасыз ететін, оларды күтіп-бағу, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметін жүзеге асыратын объектілерге де қолданылады. Жалпы алғанда, бұл – 15 мыңнан астам білім беру ұйымы. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.

15:10Жаңалықтар

Балалар мекемелеріне қатысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекше тәртібі енгізілгеннен кейін не өзгереді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекше тәртібі аясында барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жеке бизнес нысандары қамтылады. Бұл –балаларға арналған тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін ұсынатын ұйымдар. Атап айтқанда: балабақшалар, мектептер, медициналық ұйымдар, интернаттар, студенттік жатақханалар, медициналық-санитариялық мекемелер, балалар үйлері. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлімдеді.

15:00ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктері кеңейтілді

Қазақстанда 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктеріне балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға санитарлық бақылауды күшейту жөнінде нақты жаңа қағидалар енгізілді. Мәселен олар бұдан былай бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізуге, мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдауға, сондай-ақ бұл ұсынымдардың орындалуын талап етуге құқылы болады. Бұл жайында Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев ОКҚ алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында айтты.

14:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін ұйымдарда ерекше тәртіп енгізілді

2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы балаларды тамақтандыру, олардың тұруы, медициналық көмек көрсету, білім беру, оларды тәрбиелеу және сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі енгізілген заңға қол қойды. Бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізу санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.

14:40Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айын Қан тапсыру айы деп жариялады

Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

11:43Президенттің тапсырмалары

Құрылыс – өсімнің драйвері: Қазақстандағы 2025 жылдың негізгі қорытындылары

АҢДАТПА!

10:41Баспасөз хабарламалары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

10:06Жаңалықтар

2025 жылы 27,4 мың адам скорингтік модель арқылы қосымша қолдау алды

Қарағанды облысында және Шымкент қаласында отбасылардың әл-ауқат деңгейін айқындауға арналған скорингтік модельді қолдану арқылы мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. 2025 жылы скоринг мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсету кезінде қолданылып, нәтижесінде 27,4 мың өтініш беруші қосымша қолдау шараларына ие болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

09:21Жаңалықтар

2 ақпанда Қазақстанда Ұлттық басылым күні атап өтіледі

1913 жылы бұл күні қоғамдық ойдың маңызды алаңына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

09:09Жаңалықтар