2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы балаларды тамақтандыру, олардың тұруы, медициналық көмек көрсету, білім беру, оларды тәрбиелеу және сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі енгізілген заңға қол қойды. Бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізу санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қоюға ғана емес, бұзушылықтардың алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушілерінен бастап процеске қатысатын барлық субъектінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін ұйымдарда ерекше тәртіп енгізілді
Тегтер:
денсаулық сақтау