Қазақстанда 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктеріне балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға санитарлық бақылауды күшейту жөнінде нақты жаңа қағидалар енгізілді. Мәселен олар бұдан былай бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізуге, мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдауға, сондай-ақ бұл ұсынымдардың орындалуын талап етуге құқылы болады. Бұл жайында Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев ОКҚ алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында айтты.