Балалар халықтың ең осал тобына жатады және мемлекет тарапынан ерекше қорғауды қажет етеді. Олардың білім алуын, тәрбиеленуін және балалар ұйымдарында қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Себебі болмашы заң бұзушылықтардың өзі жаппай улануға, жарақаттарға немесе жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.