Қазақстанда 4 желтоқсанда мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілердің қызметіне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың ерекше тәртібін реттейтін заң қабылданды. Бұл өзгерістер балалардың тұру жағдайларын қамтамасыз ететін, оларды күтіп-бағу, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметін жүзеге асыратын объектілерге де қолданылады. Жалпы алғанда, бұл – 15 мыңнан астам білім беру ұйымы. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында хабарлады.
Қазақстанда ерекше бақылауға жататын объектілердің тізілімі қалыптастырылуда – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Тегтер:
денсаулық сақтау