Қазақстанның тұрғын үй қоры шамамен 59 мың көппәтерлі тұрғын үйден тұрады. 2026–2028 жылдары «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» және жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында 363 көппәтерлі тұрғын үйге 20,7 млрд теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 79 көппәтерлі тұрғын үй бұзылып, 2 008 меншік иесі жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.