Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылған. Соңғы үш жыл қатарынан тұрғын үй құрылысының қарқыны жоспарлы көрсеткіштерден асып түсуде. Бүгінгі таңда сайлауалды бағдарлама 51,4%-ға орындалды. 2025 жылы республика бойынша жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 13,7 млн шаршы метр – көппәтерлі тұрғын үйлер, 6,4 млн шаршы метр – жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсіп, 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарлар үшінші жыл қатарынан артығымен орындалуда – ҚР Өнеркәсіп министрлігі
Тегтер:
сот төрелігі