Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

10.02.2026

Жарияланымдар · 5

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

22:08Мемлекет басшысының қызметі

Конституциялық комиссияның отырысында жаңа Конституцияда сот шешімінсіз баспанадан шығаруға жол бермеуді бекіту ұсынылды

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Астанада өткен Конституциялық комиссияның кезекті отырысында бірқатар жаңа толықтырулар қаралды. Соның ішінде азаматтарды негізсіз тұрғын үйден айырудан қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталған маңызды нормаға баса назар аударылды. Бұл әлеуметтік маңызы жоғары бастаманың өзектілігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде атап өтті.

18:23Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйледі

18:15Мемлекет басшысының қызметі

2026 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 56,5 млрд теңгеден астам сомасына жәрдемақы алды

2026 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен 875,2 мың отбасы жалпы сомасы 56,5 млрд теңге мөлшерінде, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 627,4 мың отбасы 49,2 млрд теңгеге; наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 247,8 мың адам 7,3 млрд теңгеге қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

15:54Жаңалықтар

Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту тақырыбында жиын өтті. Оған салалық министрліктер басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz.

09:04Аймақтар жаңалықтары