Күн жаңалықтары
11.02.2026
Жарияланымдар · 11
Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.
Президент 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын пысықтауды аяқтады
Астанада Конституциялық комиссияның он екінші отырысы өтті. Жиында жаңа Негізгі заң жобасына түскен ұсыныстар негізінде енгізілген қосымша нормалар қаралды. Сондай-ақ партия өкілдері өз ұстанымдарын білдіріп, Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды қолдайтындарын жеткізді.
Премьер-министр Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов 10 ақпанда өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
15 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды
2026 жылдың басынан бері 15,7 мың азамат, оның ішінде 4,3 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 24,9 мыңы – ағымдағы жылы тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды
Атырау облысында 15,5 мың тонна сыйымдылығы бар көкөніс сақтау қоймасын қамтитын заманауи логистикалық орталығы іске қосылды. Бұл – Батыс Қазақстандағы ірі және қазіргі технологиялық деңгейдегі алғашқы нысан. Ол аймақтағы ауыл шаруашылығы логистикасын дамытуға және негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады
2026 жылғы 11-13 ақпан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында ALEM TECH FEST 2026 фестивалі өтеді. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект, STEM және инженерлік шығармашылық бағытындағы ең ірі іс-шара. 15 000 шаршы метр аумақта Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген шамамен 5000-нан астам қатысушы өз жобаларын ұсынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті тексерудің жаңа механизмі
АҢДАТПА!