2026 жылдың басынан бері 15,7 мың азамат, оның ішінде 4,3 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 24,9 мыңы – ағымдағы жылы тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.