Күн жаңалықтары
12.02.2026
Жарияланымдар · 10
Президент күзет қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті
Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.
Елімізде 350 мыңға жуық педагог жасанды интеллект бойынша тегін курстан өтті
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді пайдалануға арналған тегін онлайн курсқа қатысушылар саны бүгінде 350 мыңға жуықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2026 жылы қазақстандықтарға 59 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді
2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 59,2 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 164,1 мың адам қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Өңірлік жер қойнауын зерттеуден жаңа ашылымдарға дейін: геология саласының басым бағыттары
АҢДАТПА!
Ұйымдарға ескірген жабдықтарды уақытылы жаңарту міндеті жүктелді
Заңнамалық өзгерістерге сәйкес еліміздің кәсіпкерлік субъектілерін тексеру басталмас бұрын 30 күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде хабардар ету талабы алынып тасталды. Енді хабарлама бір жұмыс күні бұрын жолданады. Бұл бақылау органдарына қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нақты жай-күйін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары негізінде жүргізіледі. Бақылау және қадағалау органдарына жоспарлы тексерулер нәтижелері бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы беріледі. ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу едәуір күшейтілді
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы мемлекеттік бақылау мен қадағалау аясында шамамен 10 мың өнеркәсіп субъектілерін және 200 мыңнан астам қауіпті өндірістік объектіні қамтиды. Негізгі бағыттар бойынша объектілердің бөлінісі: көмір саласы – 11939, тау-кен саласы – 18 407, металлургия – 9 177, мұнай-химия және мұнай өңдеу-20468, мұнай-газ өндіру – 71158, қазандық шаруашылығы – 17484, көтергіш құрылғылары – 26 мың, атом энергиясын пайдалану – 10 828. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Президент UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының қазақстандық қатысушыларын құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Бүгін, 12 ақпанда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды, деп хабарлайды egemen.kz.