Заңнамалық өзгерістерге сәйкес еліміздің кәсіпкерлік субъектілерін тексеру басталмас бұрын 30 күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде хабардар ету талабы алынып тасталды. Енді хабарлама бір жұмыс күні бұрын жолданады. Бұл бақылау органдарына қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нақты жай-күйін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Тексерулер өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары негізінде жүргізіледі. Бақылау және қадағалау органдарына жоспарлы тексерулер нәтижелері бойынша құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығы беріледі. ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.