Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

13.02.2026

Жарияланымдар · 11

Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

18:05Жаңалықтар

Қазақстан мен Эстония агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Вице-министр Ермек Кенжеханұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Эстония Республикасына барды. Делегация құрамына облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ отандық аграрлық және экспортқа бағытталған компаниялардың өкілдері кірді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

16:35Президенттің тапсырмалары

Энергетика секторын жаңғырту

АҢДАТПА!

14:58Баспасөз хабарламалары

Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады

Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

14:54Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

14:31Мемлекет басшысының қызметі

Астанада халықаралық деңгейде аккредиттелген геологиялық зертханалық кешен құрылады

Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеу жобаларына шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың қол қою бонусынан түсетін қаражаттың 50%-ын мемлекеттік геологияны және геологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағыттау нормасы бекітілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев мәлімдеді.

12:00Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы: 66 мыңнан астам геологиялық есепке қол жеткізуге болады

Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Өтінім беруден бастап процестің аяқталуына дейінгі барлық кезең онлайн форматта жүзеге асырылады. Осылайша бүкіл процестің ашықтығы мен сенімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

11:50ОКҚ баспасөз іс-шаралары

Қазақстанда мұнай мен газ қоры бар 20-дан астам учаске анықталды

Қазақстанда ел аумағын геологиялық тұрғыдан зерттеудің ауқымды бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Биыл зерттелген аумақ көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғайту жоспарда бар. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

11:40Жаңалықтар

184 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды

2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын 184 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тапсырды. Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 64 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

10:44Жаңалықтар

Арал өңірі халқының денсаулығы Астанадағы өңірлік экологиялық саммитте талқыланады

Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұйымдастыруымен Арал өңірі халқының денсаулығына арналған панельдік сессияны өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

10:03Жаңалықтар

Елімізде 2030 жылға дейін 660 МВт жаңа СЭС іске қосылады

Қазақстан гидроэнергетика саласын кезең-кезеңімен кеңейтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істейді. 2025 жылы жүзеге асқан жобалар қатары Жетісу облысындағы жаңа станциямен толықты. Қуаты 26 МВт «Корин CЭС-2» нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

09:23Президенттің тапсырмалары