Алдағы үш жылда мемлекеттік геологиялық зерттеу жобаларына шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған аукциондардың қол қою бонусынан түсетін қаражаттың 50%-ын мемлекеттік геологияны және геологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағыттау нормасы бекітілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев мәлімдеді.