Негізгі мазмұнға өту

Күн жаңалықтары

14.02.2026

Жарияланымдар · 17

Қазақстан халықаралық аренадағы бейбіт ел ретіндегі рөлін нығайтады

Жаңа Конституция жобасының преамбуласында Қазақстанның бейбітшілікке және басқа елдермен достыққа ұмтылу қағидатын бекіту көзделген. Бұл қағида еліміздің сыртқы саясатында қандай көрініс табады? ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, мұндай жаңашылдық біздің елді үлкен жетістігі болады.

18:12Жаңалықтар

Бірпалаталы Құрылтай қалай жұмыс істейді: депутаттар түсініктеме берді

«Референдум-2026» онлайн-марафонында Парламент депутатары бірпалаталы Құрылтайдың қызметі тақырыбында әңгіме өрбітті.

17:52Жаңалықтар

Еріктілік стратегиялық бағытқа айналады: Конституция жобасына түзетулер енгізілді

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында алғаш рет мемлекет тарапынан еріктілікті қолдау нормасын бекіту ұсынылды. Тиісті түзетулерді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында талқылады.

17:26Жаңалықтар

Міндетті білім беру және буллингтен қорғау: Конституция жобасында балалардың құқықтары қалай бекітілген

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында бала құқықтарының қалай бекітілгені туралы айтып берді.

17:18Жаңалықтар

«Жедел даму қаласы»: өңірлер үшін не өзгереді

Қазақстанның жаңа Конституциясында жекелеген өңірлерді жедел дамытуға арналған жаңа құрал пайда болады. Бұл механизм өңір экономикасын қалай жеделдететінін Мәжіліс депутаттары «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді.

16:59Жаңалықтар

Арнайы құқықтық режим: жаңа конституциялық норма өңірлерге не береді

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында жекелеген өңірлерді жедел дамытуға арналған құралды бекіту ұсынылады. Әңгіме елдің белгілі бір аумақтарында қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жедел даму қалаларын» құру мүмкіндігі туралы болып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында мәлімдеді.

16:22Жаңалықтар

Азат Перуашев Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы: көп нәрсе азаматтардың өздеріне байланысты болады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында жаңа Конституция жобасындағы бірқатар нормалар мен олардың қазақстандықтар үшін маңызы туралы айтты.

16:11Жаңалықтар

Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты күшейтетін тетік – саясаттанушы «Халық кеңесі» туралы

«Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында жаңа Конституция жобасы туралы айта келе, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов қолданыстағы «ғимараттың» іргетасы жаңартылып, оны анағұрлым берік әрі негізді етіп, елдің одан әрі дамуы мен өркендеуіне бағыт-бағдар берілетінін атап өтті.

16:05Жаңалықтар

Адам – ең жоғары құндылық: жаңа Конституция жобасы нені көздейді

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, адамды мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды. Бұл қағиданың мәнін Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді. Аталған іс-шара жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беру қарсаңында талқылауға арналды.

16:00Жаңалықтар

Б.Нұрмұханов: преамбулада алғаш рет Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихи сабақтастығы аталып өтті

Конституцияның преамбуласында елдің өткенін дәріптейтін, бүгінгі құндылықтарын көрсететін, болашаққа бағдар болатын, іргелі, рух беретін жалпыұлттық құндылықтар бекітіледі. Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді. ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов «Референдум-2026» онлайн-марафонында осылай деді.

15:41Жаңалықтар

Халықаралық шарттар: жаңа Конституция жобасына қандай өзгерістер енгізілді

«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан жаңа Конституция жобасына халықаралық шарттарға қатысты қандай өзгерістер енгізілгенін айтып берді.

15:07Жаңалықтар

А. Қожаназаров: Жаңа Конституция жобасын әзірлеу кезінде халықтың сұраныстары ескерілді

«Референдум-2026» жалпыұлттық онлайн-марафонына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров Жаңа Конституцияға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып өтті.

14:15Президенттің тапсырмалары

Конституция ғылым, білім және адами капитал басымдығын бекітеді – Дания Еспаева

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституциялық комиссияның жұмысы және жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтары туралы айтып берді.

14:09Жаңалықтар

Саясаттанушы И.Рыстина: жаңа Конституцияда негізгі стратегиялық бағыттар айқындалды

Қазақстанның әлемдегі орны мен мәртебесі, тарихи даму эволюциясы өзгеріске ұшырап жатыр. 90-жылдардың басында қабылданған Конституция жаңадан қалыптасқан мемлекеттің Конституциясы болды. Бұл құжатта посткеңестік елден жеке дара мемлекетке айналып жатқан кездегі құндылықтар, негізгі қағидалар мен ұстанымдар жазылған болса, қазіргі Ата заң нық аяғына тұрған, мемлекеттілігін әрі қарай жалғастырып келе жатқан, тарихы бар мемлекеттілікті адам капиталы ретіндегі негізгі байлығын ұстанып отырған елдің Конституциясы болып жазылып жатыр. Сол себепті қазір құжат жаңа Конституция ретінде ұсынылып жатыр. Саясаттанушы Индира Рыстина «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында осылай деп мәлімдеді.

13:55Жаңалықтар

Айдос Сарым: Конституциялық өзгерістер – жаһандық сын-қатерлерге жауап

Елордада «Референдум-2026» жалпыұлттық онлайн-марафоны өтіп жатыр. Іс-шара алдағы дауыс беру қарсаңында Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған.

13:28Жаңалықтар

Президент Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

08:02Жаңалықтар

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров – Милан Олимпиадасының чемпионы

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

07:03Мемлекет басшысының қызметі