Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, адамды мемлекеттік саясаттың өзегіне қояды. Бұл қағиданың мәнін Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Аубакирова «Референдум-2026» онлайн-марафоны барысында түсіндірді. Аталған іс-шара жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беру қарсаңында талқылауға арналды.