Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Өтінім беруден бастап процестің аяқталуына дейінгі барлық кезең онлайн форматта жүзеге асырылады. Осылайша бүкіл процестің ашықтығы мен сенімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының м.а. Қанат Ерубаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.