Күн жаңалықтары
04.06.2026
Жарияланымдар · 20
Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады.
Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді.
Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар басталады
16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен дәріптеу, кітапхана ісіне тың серпін беру және азаматтардың білім алу мүмкіндігін арттыру жөнінде бірқатар жобаны жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жамбыл облысында құны 1,8 млрд теңге болатын цифрлық сүт-тауарлы фермасы іске қосылды
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі «AzNur Agro»-ның заманауи сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі сүтті мал шаруашылығын дамыту және елдің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру бағытындағы маңызды қадам деуге болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Үш жылдың ішінде Қазақстанда 800-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды
Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2023–2025 жылдар аралығында елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 655-і ауылдық жерлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны салынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік Ту көтеру рәсімінде сөз сөйледі
«Таза Қазақстан»: биыл 720 мыңнан астам ағаш отырғызылды
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 1477 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 2 млн тонна қалдық жиналды, 2,8 млн га аумақ тазартылып, 5,5 млн түп ағаш отырғызылды. Жыл сайын бұл іс-шараларға 5,5 млн адам қатысады. Биыл акциялардың жаңа кезеңі ауа райын ескере отырып, кезең-кезеңімен басталды. Бұл жайында ҚР ЭТРМ Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Дәулет Есмагамбетов ОКҚ алаңында айтты.
Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 3,7 млн адамға дейін өсті
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Негізгі мақсат – табиғи экожүйелерді сақтау мен туристердің жауапкершілігін арттыру мен бұл орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау арасындағы теңгерімді сақтау. Атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким толығырақ айтып берді.
Қазақстанда қоқыс өртейтін үш зауыт салынады
Қазақстанда жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық түзіледі. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, оның 30%-ға жуығы сұрыпталып, қайта өңделеді. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізу қажет. Осы мақсатта ҚРЭкология және табиғи ресурстар министрлігі жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов мәлімдеді.
Арнайы рейдтер аясында 500-ге жуық заңсыз полигон анықталды
Ғарыштық мониторингпен қамтылатын аймақты кеңейту заңсыз қалдықтарды жоюды уақытылы анықтауға және оны жою бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Дегенмен, мониторинг нәтижелері кей өңірде қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары жеткіліксіз болып қала беретінін көрсетеді. Әкімдіктер қабылдаған шараларға қарамастан, барлық аймақ қоқыс полигондарының алдын алуды және уақытылы тазалауды қамтамасыз ете бермейді. 2026 жылы 15 жергілікті өзін-өзі басқару органының лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұлдар жалпы сомасы 3,7 млн теңгені құрады. Бұны ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Елімізде заңсыз қоқыс полигондарының саны тұрақты түрде азайып келеді
Заңсыз қоқыс полигондары ірі қалалар мен ауылдық қауымдастықтар үшін ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып қала береді. Олардың пайда болуы кейбір жергілікті билік органдарының тарапынан жеткіліксіз бақылауға, қалдықтарды басқарудағы бұзушылықтарға және халық арасында экологиялық сауаттылықтың төмен деңгейіне байланысты. ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.
«Таза Қазақстан»: бастаманың нәтижелері, рұқсат етілмеген полигондарды жою және ҚТҚ басқару жүйесін дамыту
«Таза Қазақстан»: бастаманың нәтижелері, рұқсат етілмеген полигондарды жою және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қостанай облысындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын, ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді. Сапар барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді
Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстан үшін жаңа контейнерлік кемелердің құрылысы басталды
Баку кеме жасау зауытында Қазақстан үшін салынатын сыйымдылығы 780 TEU болатын алғашқы мамандандырылған контейнерлік кеменің килін қалау рәсімі өтті. Жоба Abu Dhabi Ports Group компаниясымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды
Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласында өнеркәсіптік дизайн технологиялары бойынша WorldSkills Industrial Design Technology International (Shenzhen) Invitational Tournament халықаралық турнирі өтті. Халықаралық деңгейдегі беделді додаға Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Сауд Арабиясы және Қытай елдерінің жас мамандары қатысты. Қазақстан намысын Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің үшінші курс студенті, «Өнеркәсіптік дизайн» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan-2025 ұлттық чемпионатының жеңімпазы Дарья Мельник қорғады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын — балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қорғаныс саласындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект
АҢДАТПА!
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Осы күні, 1992 жылы, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілді.