Күн жаңалықтары
18.08.2026
Жарияланымдар · 18
27 мың адам тамыз ҰБТ-сын тапсырды
27 мыңнан астам адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Шекті балды 53% талапкер жинады. Бес пән бойынша орташа балл – 55 балл. Ең жоғары балл – 136. Тамыз ҰБТ-сына 98 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 4 мыңнан астам адам волонтерлік бастамаларға қатысты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл еліміздегі волонтерлік бастамалардың дамуына және көпшіліктің әлеуметтік, экологиялық, мәдени әрі білім беру жобаларына белсенді қатысуына ықпал етті. Жыл басынан бері Қарағанды облысында 1 775 волонтерлік іс-шара өткізіліп, оған 4 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Түркістанда «Ecoculture-Eurasia» жобасының бірінші кезеңінде 2 млн кг қызанақ өндірілді
Түркістан облысында жылыжай өндірісі саласындағы ірі инвестициялық «Ecoculture-Eurasia» жобасы жүзеге асырылуда. Былтыр 6,25 гектар аумаққа жоғары өнімді «Климон F1» қызанақ сортының көшеті отырғызылған болатын. Жобаның бірінші кезеңі аясында кәсіпорын 2 млн кг немесе 2 мың тонна қызанақ өндірді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қайтарылған активтер: өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда. Қайтарылған қаражат халықтың аса қажетті әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағытталады. Осы қаражат есебінен сумен жабдықтау жүйелері салынып, жаңғыртылады, мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, спорт нысандары және көлік инфрақұрылымы салынып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Күрестен Әлем чемпионатына билеттер сатылымы басталды
Елордада өтетін Күрестен Әлем чемпионатының аудиториясы «Барыс Аренадағы» көрермендермен ғана шектелмейді. Қазақстандағы негізгі телевизиялық алаң – Qazsport. Сонымен қатар Чемпионат жақындаған сайын цифрлық қамту да кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Қазақстандық күрес федерациясы бас хатшысының м.а. Гүлбарам Құлахметова ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді.
Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатының қатысушыларын орналастыруға 11 қонақ үй әзірленеді
Астана күрестен әлем чемпионатын өткізуге дайындалып жатыр. Спортшылар мен делегация мүшелерін орналастыру үшін ұйымдастыру комитеті елордадағы 11 қонақ үйді белгіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді.
18-23 қазан аралығында Астанада күрестен Әлем чемпионаты алдындағы халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтеді
Қазақстандық күрес федерациясы Әлем чемпионатын ұйымдастыру барысында Біріккен күрес әлемімен бірлесіп, жарық, дыбыс, музыка, спортшыларды таныстыру, экрандық контент және аренаның жалпы атмосферасы бойынша Sport Presentation-ның жаңа тәсілі әзірлеп жатыр. Мұндағы басты мақсат - көрерменнің тек белдесуді тамашалап қана қоймай, әр жарыс сессиясын толыққанды үлкен спорттық оқиға ретінде сезінуі. Бұл бағытта бірқатар жаңа шешім қарастырылып отыр. Бұны Қазақстандық күрес федерациясы бас хатшысының м.а. Гүлбарам Құлахметова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Күрестен Әлем чемпионатының символдары таныстырылды
24 қазан мен 1 қараша аралығында Астана әлемдік күрестің басты орталығына айналады. Әлемнің жүзден астам елінен мыңға жуық спортшы Қазақстанға келіп, әлем чемпионы атағы үшін бозкілемде бақ сынайды. Бірақ еліміз үшін Чемпионаттың мәні тоғыз жарыс күнімен ғана шектелмейді. Басты мақсат – әлемнің үздік балуандарын Астанаға әкелу ғана емес, осы мүмкіндік арқылы Қазақстандағы күрестің дамуына жаңа серпін беру, балалар мен жастарды спортқа тарту, мамандарымыздың тәжірибесін арттыру және Астана мен Қазақстанды әлемге кеңінен таныстыру. Қазақстандық күрес федерациясы бас хатшысының м.а. Гүлбарам Құлахметова ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысының нәтижесі, азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғырту барысы және алдағы кезеңге арналған жоспар жөнінде баяндалды.
Қазақстанда AI+X моделі бойынша жұмыс істейтін Qazaq AI Research University іске қосылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда AI-Enabled University ерекше мәртебесі бар мамандандырылған зерттеу ЖОО құрылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Елімізде мектеп оқушыларының профилактикалық тексерулері цифрлық форматқа көшірілуде
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын цифрландыруды күшейтуде. 2026 жылы балаларды профилактикалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралып, ауруларды ерте анықтауға басымдық берілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл Қазақстанда 6,8 мыңнан астам орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар пайдалануға беріледі
2026 жылы Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 6 857 орындық 18 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
2026 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында колледждерге 133 мың студент қабылданады
Мемлекеттік білім беру тапсырысының 70%-ы техникалық бағыттар бойынша кадрлар даярлауға бағытталатын болады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Қазақстанның 2,6 мың шағын жинақты мектебінде ЖИ технологиялары кезең-кезеңмен енгізіледі
Өңірлерде қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының жетеуі іске қосылды
Биыл елімізде жалпы қуаты 245 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 10 нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.
Қазақстан құрамасы географиядан халықаралық олимпиадада командалық есепте екінші орын алды
Қазақстанның ұлттық құрамасы IGeO 2026 халықаралық география олимпиадасында 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Егін жинау науқаны өткен жылдан екі есе жылдам жүріп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет егін жинау науқанының тұрақты өтуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Қазіргі көрсеткіштер өнімділіктің артып, салада қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, деп хабарлайды Primeminister.kz.