Күн жаңалықтары
03.09.2026
Жарияланымдар · 34
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды.
Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды
Мойынты – Қызылжар желісінің құрылысында теміржол жолдарының түйісуі аяқталды. Бұл – Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірін жүзеге асырудағы маңызды кезең. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға, халықаралық көлік бағыттарын кеңейтуге және экспорттық тасымалдар көлемін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі: Емханаларда педиатриялық учаскелер сақталады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қажетті мамандар болған жағдайда емханаларда дербес педиатриялық учаскелердің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтауды жоспарлап отыр. Бұл балаларға тіркелген жері бойынша медициналық алғашқы көмекті тікелей педиатр дәрігерден алуды жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазақстанда 32 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әрі кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. 2026 жылдың соңына дейін елімізде әлеуметтік инфрақұрылымның 34 573 нысанын бейімдеу жоспарланған. Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша оның 32 802-сі бейімделді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында Қазақстан мен Лаос президенттері екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылады.
Мұрат Қайырбек ҚР Президентінің ҚР Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды
Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Лаос Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Арман Қырықбаев ҚР мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Саясат Нұрбек ҚР ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды
Ербол Мырзабосынов ҚР туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды
Асқарбек Ертаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды
Айдарбек Сапаров ҚР ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды
Әлібек Қуантыров ҚР экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды
Ақмарал Әлназарова ҚР денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды
Нұржан Нұржігітов ҚР су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды
Арман Шаққалиев ҚР сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды
Жұлдыз Сүлейменова ҚР оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды
Ерсайын Нағаспаев ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Елдегі барлық көппәтерлі үйлер мекенжайы, қабаттылығы, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, ғимараттың жай – күйі, лифтілері және есепке алу аспаптары қамтылған бірыңғай тізілімге жинақталады. Бұл жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында және «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, сондай-ақ күрделі жөндеу мен техникалық тексерудің мемлекеттік бағдарламаларын жоспарлау шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.