Күн жаңалықтары
15.09.2026
Жарияланымдар · 24
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі келіссөздермен жалғасты.
Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты
Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі
Президент Қазақстан мен Корея Республикасы іскерлік орта өкілдері бас қосқан жиынның қатысушыларына ілтипат білдірді.
Қазақстан Үкіметі Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды. Құжат 10 бағыт бойынша 65 іс-шараны қамтиды және экономикада цифрлық активтерді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстан экспортының әлеуеті: жаңа нарық, қолдау құралдары мен басым бағыттар
АҢДАТПА!
Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Хан Сон Сукты Корея Үкіметінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметі туралы
АҢДАТПА!
Мемлекет басшысына Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобалары таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканың түрлі саласында іске асырылатын Қазақстан мен Корея Республикасының бірлескен инвестициялық жобалары жөнінде мәлімет берілді.
Тұрғын үйді жалға алу шарты толық цифрлық форматта қалыптастырылады
«Отбасы банк» даму институты ретінде өз функцияларын жүзеге асыру шеңберінде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы негізгі процестерді кезең-кезеңімен цифрландыру және автоматтандыруды жүзеге асырып келеді. Банк процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етуді біріздендіруді пайдаланатын ақпараттық жүйелерді барлық мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграциялау арқылы қамтамасыз етіп отыр. Қаржы мекемесі тұрғын үйді бөлу бойынша цифрлық платформаны іске қосты. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Жалға берілетін тұрғын үй портфелінде 17 мыңнан астам пәтер бар – ҚТК
2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Қазақстанның тұрғын үй компаниясы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларын жүзеге асырып келеді. 2015-2025 жылдар аралығында сатып алу құқығымен жалға беру механизмі арқылы жалпы сомасы 270 млрд теңгеден асатын 23 мыңнан астам пәтер берілді. Яғни бұл тетікке деген сұраныс жоғары. Қазір компанияның қолданыстағы жалға берілетін тұрғын үй портфелінде жалпы құны 217 млрд теңгеден асатын 17 мыңнан астам пәтер бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков мәлімдеді.
Жаңа механизм бойынша 400-ге жуық қазақстандық ауылдағы жалдамалы баспананы таңдады
1 қыркүйектен бастап «Отбасы банк» сайтында ауылдық елді мекендердегі жалдамалы тұрғын үйді бөлудің жаңа механизмі іске қосылды. Енді азаматтар өздері тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған ауданнан жалдамалы баспанаға өтінім бере алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Мемлекет басшысы KIND корпорациясының президенті және бас директоры Ким Бок Хванды қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі.
Қазақстанда 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жалдауға субсидия алады
Қазақстандықтардың жалдамалы баспана кезегін күту кезінде қаржылық жүктемесін азайту үшін мемлекет жеке тұрғын үй қорынан баспана жалдау ақысының бір бөлігін өтеуге міндеттеме алды. Бұл шара табысы жоқ немесе табысы төмен азаматтардың 4 санатына қатысты. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 12,6 мыңнан астам жалдамалы пәтер берілді
Қазақстанда биыл 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе шамамен 188 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жылдың алғашқы сегіз айында 11,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың 55,3%-ы. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.
Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары
Азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстанда жергілікті жол желісін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда
Қазақстанда жол инфрақұрылымын дамыту кешенді түрде жүзеге асырылып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қамтиды. Республикалық жол желісінде ірі жобаларды іске асырумен қатар, елді мекендер арасындағы және өңірлер ішіндегі көлік қатынасын қамтамасыз ететін жергілікті жолдардың жай-күйіне де ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президенті әрі стратегия және жоспарлау жөніндегі бөлім жетекшісі Сунг Кимді қабылдады
Кездесуде инвестициялық және өнеркәсіптік-технологиялық ынтымақтастық аясын кеңейту, сондай-ақ Қазақстанда жаңа ауқымды жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды. Оған корей тарапынан Hyundai Motor Group тобына кіретін Hyundai Engineering мен Kia автоконцерндерінің өкілдері қатысты.
Үкіметте Президенттің цифрлық активтер индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралуда
Қазақстан өңірдегі цифрлық активтерді реттеудің алғашқы кешенді жалпыхалықтық моделін қалыптастырды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы цифрлық активтер саласын дамыту мәселелеріне арналды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.