Атап айтқанда, Отбасының цифрлық картасының функционалы қандастар мен қоныстанушылар отбасыларын қолдау бөлігінде кеңейтілді, сондай-ақ «өңірдің әлеуметтік портреті» қосымша құралы жасалды.

«Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды кешенді қолдауды іске асыру, осал азаматтарды қолдаудың тиімділігі мен белсенділігін одан әрі арттыру үшін азаматтың портретін жаңа көрсеткіштермен кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар қолға алынды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын цифрландыру жобасы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсарту технологиясын дамытуға және ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді спикер.

Тағы бір міндет – мүгедектігі бар азаматтарға берілетін оңалту құралдарының сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Ол үшін «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталының Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығымен интеграциясы жүргізілді, бұдан әрі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорымен интеграция жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың АЖ интеграциясын пайдалана отырып, АӘК трансформациялау көзделген. Қазіргі уақытта көмектің осы түріне үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау жұмысы жүргізілуде.