«Іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын 2023 жылы 16,7 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. 2020 жылдан бастап егіс алқаптары қысқаруда: егер 2020 жылы егіс алқабы 15,2 мың га болса, 2022 жылы – небәрі 9 мың га. Бұл өте аз, тиісінше аз өнім алынды», - деді спикер. 


Оның айтуынша, сумен, газбен қамтамасыз ету және «Ақсу Қант» қант зауытына теміржол салу сияқты проблемалар да бар. Бүгінгі күні газ да, теміржол да жоқ. 

А. Наурызғалиева жаңғырту және жаңа қуаттарды іске қосу туралы айта келе, жаңғырту үшін шамамен 13 млрд теңге қажет екенін атап өтті. Алайда, қант өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары керек, атап айтқанда, жаңа қымбат жабдықтарды сатып алуға жеңілдікті несиелер бөлу керек. 

Оның айтуынша, зауыттар, ӘКК және Сауда комитеті арасында қол қойылған меморандум шеңберінде қант өндірушілерді қаржыландыру мәселесі проблемалық болып қалуда.