«Үшінші рәсім - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Арыздар сот арқылы қабылданады. Ерекшелігі – бұл жерде борышкер банкрот мәртебесін алмайды. Ол бес жылға дейін өз төлемін бөліп төлеуге құқылы. Ол үшін сот шешім қабылдайды, жоспар бекітіледі. Бес жылдың ішінде осы төлемдер уақытылы төленсе, қалпына келтіріліп, осы қарыздар жабылады», – деді спикер. 


Қаржы вице-министрі осы үш процедура бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Орталықтарда оқыту, өңірлерде түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Туындаған мәселелер шұғыл түрде қаралады. Байланыс орталықтары құрылды. Барлық өңірлерде кеңес беретін орталықтар орналасқан.