Бүгін – Дүниежүзілік балаларды қорғау күні. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Спикерлер қатарында бизнесмен, демеуші, меценат Бауыржан Қасымбергебаев болды.
«Ең алдымен, баршаңызды осы мерекемен құттықтап, жұмыстары бала өмірімен байланысты педагог, дәрігер, құтқарушы, құқық қорғау органдарына еңбектері үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер. Себебі біздің елімізде балалар өлімі болмауға тиіс, біздің елімізде және бүкіл әлемде барлық балалардың отбасылары болуы керек. Менің адам, ер-азамат және әке ретінде арманым бар – бүкіл әлемде және менің елімде әр бала өз отбасында өссе деген. Әр адам баланың маңыздылығын түсінген кезде, бала бізге өз миссиямызды орындау үшін берілетін ең үлкен, ең қымбат сый екенін барлық адамдар түсінген кезде, бәрі өзгеретін сияқты. «Бөтен бала жоқ» деп дұрыс айтылған», – деді спикер.
Сондай-ақ Б. Қасымбергебаев балалар мен жастарды қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету жоспарларымен бөлісті. Оның командасы заманауи құзыреттіліктерді меңгеруге көмектесетін бірегей платформаны жасау үстінде. Жаңа білім мен дағдылар болашақта жастарға қаржылық тұрғыда өздерін қорғауға мүмкіндік береді.
«Мен еліміздің жастары мен балаларының ең талантты, қабілетті болғанын қалаймын және балалардың құқықтарын қорғаудағы ұстанымы үшін Президентімізге, баршаға алғыс айтқым келеді», – деп қорытындылады өз сөзін кәсіпкер.