Орталық коммуникация қызметінің алаңында ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы негізгі қызмет бағыттарына: дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама, медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау, дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу, сонымен қатар дәрілерге, медициналық бұйымдарға баға белгілеуді талдау және т.б. қатысты 2018 жыл нәтижелерін қорытындылады.

Іс-шараға Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова және ДЗҰСО бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов қатысты.

«Біздің орталық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымы болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін дәрілер мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бағалауды қамтамасыз етеді. Басқа сөзбен айтқанда, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қазақстандық дәріханалар сөрелеріне түсуіне дейін біз оларды кешенді сараптамадан өткіземіз, қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаймыз», - деді бас директордың міндетін атқарушы Қанат Ержанов.

2018 жылы ДЗҰСО Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық нарығына шығу мақсатында ауқымды жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан ЕАЭО елдерінің аумағында медициналық қолдануға арналған дәрілік препаратқа бірінші тіркеу куәлігін берді. Сонымен қатар, ЕАЭО шеңберінде Қазақстан 2018 жылы референтті мемлекет ретінде дәрілік заттар сараптамасын жүргізуге шетелдік және отандық фармакологиялық өндірушілерден 23 өтінім қабылдады.

2018 жылы ДЗҰСО барлығы 6,5 мыңнан астам дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жасады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18% көбірек, сонымен қатар 63 000-ға жуық медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды берілді.

Сонымен қатар, 2006 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік фармакопеясының талаптары дүниежүзінің негізгі фармакопеяларымен – Еуропа, Британ фармакопеяларымен, сондай-ақ АҚШ Фармакопеясымен үйлестірілген. ДЗ және МБ мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде сараптама жасайды, сонымен қатар ҚР-да тіркелген ДЗ және МБ қауіпсіздігі және сапасына бағалау жүргізеді.

Қазақстанның 2006 жылдан бастап Еуропа кеңесінің Еуропалық фармакопеясының ресми бақылаушысы, 2010 жылдан бастап АҚШ Фармакопеялық конвенциясының толық құқықты мүшесі және 2016 жылдан бастап Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарға қойылатын техникалық талаптарды үйлестіру жөніндегі халықаралық мәслихаттың бақылаушысы болып табылатынын атап өту керек.

ДЗҰСО сынақ зертханалары халықаралық сапа стандарттарына сәйкестікке аккредиттелген: Еуропалық дәрілер сапасы жөніндегі директораттың (EDQM) аудитінен өтіп, ОМСL Жалпы Еуропалық желіcінің (GEON) қауымдасқан мүшесі мәртебесін иеленген. ДДСҰ бенчмаркингіне сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы қазақстандық реттеу жүйесі көп қызметтік болып танылды.

ДЗҰСО-да жүргізілетін фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу бойынша атқарылған тиімді жұмыс қазақстандық дәріханалар сөрелерінен денсаулыққа қауіп төндіретін препараттарды алып тастау мүмкіндігін берді. ДЗҰСО атына 2018 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін барлығы дәрілік заттардың жағымсыз әсерлер жағдайлары жөнінде 3200-ден астам карта-хабарлама келіп түсті. Олардың қатарындағы кейбір медициналық препараттар уақытша болды немесе айналымына толық шектеу қойылды.

2018 жылы ДЗҰСО баға белгілеуге қатысты дәрілік заттардың бағаларын реттеу тәсілдерін талдау және қалыптастыру бағытында ішкі және сыртқы референтті баға белгілеуді жүргізу, халықаралық тәжірибе ескерілетін баға белгілеу қағидаттарын енгізу, сондай-ақ дистрибьюторлар мен жеткізушілерге диверсификацияланған тәсіл қолдану қамтылатын ауқымды жұмыс жүргізді. Соның арқасында, бүгінгі таңда бөлшек саудадағы үстеме бағалардың ыңғайлы регрессиялық жүйесі әзірленген, бұл дәрілік препараттарға шекті бағаларды жылына екі мәрте белгілеу мүмкіндігін береді. Осы орайда Қазақстан аумағында дәрілік заттар бағаларын реттеу өкілетінің ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне бекітілгенін атап өтеміз.

ҚР ДСМ «ДЗ, ММБ және МТ ҰСО» ШЖҚ РМК Баспасөз қызметі Телефон: +7 (7172) 78 99 05 E-mail: press@dari.kz